Ashyq-қа қатысатын банкет залдарында ас беруге рұқсат – Алматыда жаңа қаулы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин карантин туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатқа сәйкес, қаладағы жағажайлар мен ашық бассейндер сағат 07.00-19.00 аралығында жұмыс істейтін болады. Ал олардың аумағы келушілерді Ashyq жобасы бойынша кіргізу үшін қоршалуы тиіс. Бұдан бөлек, әлеуметтік арақашықтық сақталуы шарт.

Сондай-ақ типтік орынжайлар мен ғимараттарда орналасқан театрлар, кинотеатрлар, филармониялар мен концерт залдары Ashyq жобасымен жұмыс істей алады. Толымдық 30 пайыздан аспауы қажет, концерт залдарында – 10 пайыздан.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жексенбіден басқа аптаның барлық күнінде сағат 09.00-18.00 аралығында ашық болады. Алдын ала жазылу міндетті.

Азық-түлік дүкендеріне, шағын маркеттер мен зоодүкендерге бару үшін Ashyq қосымшасы қажет емес.

Үйде және өзге ғимараттарда көпшілік іс-шараларды (спорттық, діни, отбасылық, мерекелік шаралар, ас беру), конференцияларды, митингілерді, шерулерді, жиындарды, форумдар мен өзгесін өткізуге тыйым салынады. Дегенмен, Ashyq жобасына қатысатын банкет залдарында ас беруге рұқсат бар.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар