+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ashyq: Елорда әуежайында «сары» мәртебелі - 4, «қызыл» мәртебесі бар 2 жолаушы анықталды

2021 жылғы 13 мамыр 10:41
Бөлісіңіз:
Ashyq: Елорда әуежайында «сары» мәртебелі - 4, «қызыл» мәртебесі бар 2 жолаушы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Ashyq мобильді қосымшасы арқылы нәтижелі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда карантин талаптары жеңілдейді Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды ШҚО-да 11 нысан Ashyq жобасынан шығарылды

Ashyq жобасын іске асырудың алғашқы күнінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері «сары» мәртебесі бар 4 жолаушыны, «қызыл» мәртебесі бар 2 жолаушыны анықтады.

Алгоритмге сәйкес, «қызыл» мәртебесі бар жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланып, содан кейін ауруханаға жатқызылды.

12 мамырдан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы толыққанды іске қосылды.

«Біз бүкіл жолаушыға (кім ұшып шығады) әуежайға келмес бұрын қосымшаны жүктеп алып, өз мәртебесін тексеру керек екенін ескерткіміз келеді. Терминал ғимаратына «сары» және «қызыл» мәртебесі бар жолаушылар жіберілмейді. Рейске жіберілмеген жағдайда қаражатты қайтару жөніндегі мәселені әуе компаниясына жолдаған жөн» делінген хабарламада.

Ashyq қосымшасындағы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграция арқылы келеді және жолаушының қазіргі уақытта вирустың тасымалдаушысы болып табылмайтындығын анықтайды.

Кідіріс жасамас үшін қосымшаны алдын ала орнатып, мәртебеңізді алдын ала білуіңіз керек.

Әуежай қызметкерлерінің айлақ ғимаратына кіреберісте планшеті бар. Смартфоны жоқ жолаушылар өз ЖСН-ін қызметкерлердің планшетіне енгізіп, өз мәртебесін біле алады.

ЖСН жоқ шетелдік жолаушыларға келетін болсақ, олар өз мәртебесін әуежай қызметкерлерінің планшетіндегі төлқұжат нөмірі арқылы тексере алады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT