Ashyq eGov mobile қосымшасына жалғанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ashyq жүйесіне eGov mobile қосымшасы арқылы да кіруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Біріншіден, біз азаматтардың өтінішін талдап, бизнес процесті жетілдіру және жүйенің жұмысын тұрақтандыру үшін бастапқы кодты қайта жаздық. Содан кейін оны eGov mobile-ға шығардық, енді телефон нөмірі мен ЖСН енгізудің қажеті жоқ, тек авторизациядан өтіп, QR кодты сканерлеу қажет. Сондай - ақ, біз сервисті екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына шығару бойынша жұмыс жүргіздік», - деп түсіндірді Ростислав Коняшкин.

Сондай-ақ, ол қосымшаның «Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығының» сүйемелдеуіне көшкендіктен техникалық процесте қосымша іркіліс болғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда жүйені жетілдіру және тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар аяқталды. Сондықтан жүйеде іркілістер байқап отырған жоқпыз», - деді орталық басшысы.


Соңғы жаңалықтар