«Ashyq бағдарламасы қазақстандықтардың жеке деректерін жариялауда» - ақпарат жалған
2022 жылғы 28 ақпан 21:30

«Ashyq бағдарламасы қазақстандықтардың жеке деректерін жариялауда» - ақпарат жалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ashyq бағдарламасы Сейшел аралдарында тіркелген және ол қазақстандықтардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға жариялап жатқаны туралы ақпарат таратылуда. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл – жалған ақпарат, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ таратылған мәліметті жоққа шығарды.

«Ashyq «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның («ҰАТ» АҚ) қорғалған контурындағы серверлерде орналасқан. Олар ақпараттық қауіпсіздіктің барлық бірыңғай талаптарына сәйкес келеді және Қазақстанда тіркелген. Қосымшаның функционалы дербес деректерді сақтауды, әсіресе деректерді үшінші тұлғаларға беруді қарастырмайды.

Ashyq-тың бағдарламалық қамтамасыз етілуі азаматтың мәртебесін ғана көрсетеді. QR-кодты сканерлеу кезінде Ashyq автоматты түрде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерекқорына адамның мәртебесін (қауіпсіз, бейтарап, ауру жұқтырған және науқаспен байланыста болған) анықтау үшін сұрау жібереді, бұдан басқа QR-кодты сканерлеу кезінде ешқандай іс-әрекеттер жүзеге асырылмайды. Ashyq жеке деректерді сақтамайды және жинақтамайды», – деп хабарлады компаниядан.

Сондай-ақ, «ҰАТ» АҚ жалған ақпарат таратпауға шақырды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT