Аshyq: Атырауда ілкі жобаға 184 кәсіпкерлік нысаны қосылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Аshyq» пилоттық жобасына 184 кәсіпкерлік нысаны қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ербатырованың айтуынша, Атырауда «Аshyq» пилоттық жобасын іске асыру 26 сәуірде басталған.

«Қазір өңірде 225 кәсіпкерлік нысанының иесі жобаға қосылуға ниет білдірді. Ал, 184 нысан QR-кодпен жұмыс істеуді бастады. Оның ішінде 34 нысанда сынақ режимінде қолданылуда. Кәсіпкерлер пилоттық жобаға қосылу үшін «Атамекен» ҰКП өңірлік филилалына хабарласып отыр» -дейді Гүлназ Ербатырова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында «Аshyq» жобасымен қандай нысандар ашылатынын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар