«Ashyq»: Атырау облысында қандай нысандар ашылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында кәсіпкерлік нысандар «Ashyq» жобасына қосыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

«2021 жылдың 26 сәуірінен бастап Атырау облысында кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыру басталсын», - делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, «Ashyq» жобасын:

- йога орталықтарында,

- фитнес-клубтарда,

- спа-орталықтарында,

- сауналарда,

- бассейндерде,

- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтарда (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда),

- боулинг клубтарында

- кинотеатрларда,

- театрлар мен филармонияларда,

- банкет залдарында,

- асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану нысандарында,

- бильярд клубтарында,

- концерт залдарында іске асыру көзделіп отыр.

Жаңа қаулы 26 сәуірде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырау мектептерінде сабақты оффлайн өткізуге тыйым салынған болатын.


Соңғы жаңалықтар