ASHYQ: Ақтөбеде карантиндегі 88 адам қоғамдық тамақтану орындарына барған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коронавирус инфекциясын жұқтырған 21, олармен байланысты болған 67 адам карантин режимін сақтамады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq» жобасы арқылы «қызыл» мәртебесі бар 21, «сары» мәтебесі бар 67 адамның үй карантині талабын сақтамағаны анықталды. Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен олармен байланыста болған адамдар көбіне қоғамдық тамақтану орындарына барған.

«Ashyq» қосымшасына қатысты барлық сұрақ бойынша Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасына хабарласу қажет. Бизнесті «Ashyq» жобасына белсенді қатысуға, оның шарттарын сақтауға және осы жоба беретін артықшылықтарды пайдалануға шақырамыз», - деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова.

Айтып өтейік, Ақтөбе облысы бойынша 488 бизнес субъектісі «Ashyq» жобасымен жұмыс істейді. Нысандар тізімі облыс әкімдігінің сайтында жарияланып, жаңартылып отырады.


Соңғы жаңалықтар