Ashyq: Ақтөбеде 14 адамнан «қызыл», «сары» мәртебе анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 10-17-маусым аралығында «Ashyq» жобасына қатысушылардан «қызыл» мәртебесі бар 3 және «сары» мәртебесі бар 11 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарлама енгізілгеннен бастап өңірдегі «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда «сары» мәртебесі бар 73 адам және «қызыл» мәртебесі бар 22 адам анықталған.

«Ал 10-17-маусым аралығында «қызыл» мәртебесі бар 3 және «сары» мәртебесі бар 11 адам анықталды. Бүгінгі күні, «Ashyq» жобасынан басқа Аitu және Kaspi.kz. платформаларын да қолдануға болады. «Ashyq» жобасын енгізудің негізгі мақсаты – коронавирус инфекциясының алдын алу, яғни, ауру жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларын болдырмау»,- деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
«Ashyq» жобасы Ақтөбе облысының аумағында 14 сәуірден бастап жұмыс істеп келеді. Ақтөбе облысының 512 кәсіпкері «Ashyq» жобасына қатысуға өтініш беріп, олардың 378-не QR-кодтары жүктелген. Оған қоса 134 нысан тестілеу режимінде жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар