Ashyq: Ақмола облысында аутсайдер кәсіпкерлер саны 3,4 есе артты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Ashyq жобасы көшбасшыларының саны 152-ден 139-ға дейін қысқарды, ал аутсайдерлер саны 653-тен 2228-ге дейін (3,4 есеге) артты. Бұл туралы өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы 21 сәуірден бастап Ақмола облысында бизнес субъектілерінде коронавирус инфекциясының таралу қаупін азайту мақсатында Ashyq пилоттық жобасы қолға алынған болатын.

Айнагүл Мусинаның айтуынша, бүгінгі таңда Ақмола облысында 4968 нысан жобаның ресми қатысушысы ретінде тіркеліп, QR-код алған.

«Ағымдағы жылдың 17 сәуірі мен 4 желтоқсаны аралығында Ashyq талабын бұзған 2163 адам анықталды, оның ішінде «сары» мәртебесі бар - 573, «қызыл» мәртебесі бар - 1590. Аталған тұлғалар кәсіпкерлік объектілеріне жіберілмеді, үй карантинін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ карантиндік шектеу шараларын сақтау үшін анықталған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша ақпарат жолданды», - деп бөлісті А.Мусина.

Үй карантинін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға жалпы және қысқартылған өндіріс тәртібімен 522 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 27,6 млн теңгеден асты.

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері атап өткендей, бүгінгі таңда жоба көшбасшыларының саны 152-ден 139-ға дейін қысқарды, ал аутсайдерлер саны 3,4 есеге – 653-тен 2228-ге дейін артты. «Көшбасшы» мәртебесі бар жобаның 139 қатысушысының ішінде тек 17 қоғамдық тамақтану объектісі бар.


Соңғы жаңалықтар