«Ашық үкіметтің» жұмысын жетілдіруде проблемалар бар - вице-министр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Қоғамдық кеңестер арқылы мүдделі тараптардың қатысуын айқын және ашық қамтамасыз етуде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЭСР) тәжірибесі қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгінде Қазақстанда «Ашық үкімет» құрылып, азаматтардың қоғамдық маңызды мәселелерге қатысты өзіндік пікірі мен ойын білдіретін қоғамдық кеңестер жұмыс істеуде.

Қоғамдық кеңестер мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы бүкіл республика бойынша бір ізге келтірілген.

Дегенмен Ашық үкіметтің жұмысын жетілдіруде қолжетімділік пен ашық болуын заңдастыру проблемалары бар екені ескеріліп, осы мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтті.

«Қазақстанда «Ашық үкімет» саясаты 2015 жылдан бастап іске асырылып келеді. Бүгінде әрбір азамат ақпаратты еркін ала алуы үшін ашық үкімет порталы ашылған. Сонымен қатар, заңның дұрыс орындалуын қадағалау және  қоғамдық бақылаумен қамтамасыз ету мақсатында Үкімет жанынан қолжетімді ақпараттар жөніндегі комиссия құрылды. Комисияның құрамында қоғамдық кеңестердің белсенділері, үкіметтік емес ұйымның мүшелері бар. Осыған қарамастан «Ашық үкіметтің» жұмысын жетілдіруде шешімін таппаған проблемалар бар», - деді Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова.

Шарада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОЭСР) өкілдері өз тәжірибелерін ұсынды. Олардың ұсынысы бойынша «Ашық үкімет» келесі қадамдарды қатаң сақтауға тиіс:

«Ашық үкімет» болу үшін бірыңғай анықтама беру;

«Ашық үкіметтің» стратегиясын жасау;

Ведомствоаралық байланыс;

БАҚ пен ҮЕҰ-ны тәуелсіздік және сөз еркіндігімен қамтасыз ету;

ATI (Аддис-Абеба салығы бойынша бастамалар) тиімді енгізуді қамтамасыз ету.

«Біз үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап Астана мен Батыс Қазақстан облыстарындағы «Ашық үкімет» және «Қоғамдық кеңестер» жұмыстарымен таныстық. Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің жұмыстарын сараптай келе, өз тәжірибемізді ұсынудамыз. Әлемнің дамыған елдері саясат пен экономикадағы, жалпы қоғамдағы әрбір жағдайға азаматтың өзіндік ой-пікірін білдіруіне мүмкіндік жасаған. Қазақстанда бұл жұмыс бір ізге қойылған, бірақ жетілдіретін тұстары бар», - деді ОЭСР сарапшысы Хилле Хинсберг. 

Соңғы жаңалықтар