«Ашық үкімет порталындағы» ақпараттар халыққа пайдалы болуы тиіс- ҮЕҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Astana Hub» алаңында IT-компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдардың «Ашық деректер» (https://data.egov.kz/) және «Ашық бюджеттер» (https://budget.egov.kz/) порталдарымен жұмыс істеудегі қажеттіліктер талқыланды. Оған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің және Жоғарғы соттың, IT-қауымдастық пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ашық үкімет» порталына тұрғындар мен бизнес өкілдерінің қызығушылығы артқан. Сондықтан, порталдарға орналастарылатын ақпараттар қоғам үшін барынша қолжетімді әрі пайдалы болуы тиіс.

Мысалға, IT-қауымдастық және үкіметтік емес ұйымдар аталған порталдарда ҚҚС төлеушілердің тізілімі, төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілердің тізімі, тіркелген жеке кәсіпкерлердің тізілімі, жекешелендіру объектілерінің тізілімі, сот актілері банкі және т.б ақпараттардың болғанын қалайды.

Мемлекеттік органдардың өкілдері жыл соңына дейін бірқатар сервистерді Open API-ге көшіру (мысалы, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың деректері) және жаңа деректер жиынтығын (мысалы, дәрменсіз борышкерлер тізімі, әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер тізімі) ашық түрде орналастыру жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етті.

Талқылау қорытындысы бойынша «Ашық бюджеттер» порталында орналастыруға жататын ақпарат тізбесі бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен арнайы жұмыс тобын құру шешілді.

Кездесу соңында іс-шараға қатысушылар IT-компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін осы кездесудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ осындай форматта тұрақты негізде диалогты жалғастыру қажеттілігі туралы шешімге келді.

Соңғы жаңалықтар