Ашық қоғамдық қабылдауға жүзден аса солтүстікқазақстандық келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кезекті ашық қоғамдық қабылдау өтіп, тұрғындарды облыс әкімі мен оның орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кезекті қоғамдық қабылдау Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өтті. СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар негізінен қаланы абаттандыру, жол, баспана мәселелерімен қабылдауға келген.

Петропавлдағы Кошуков көшесіндегі үй иелері осындағы алаңға асфальт төсеуді сұрап отыр. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биыл облыс орталығындағы аулаларды абаттандыруға бюджеттен 400 млн теңге бөлінген. Мәселе жуық арада шешіледі, яғни, кезегі жеткенде аулаға асфальт төселеді. Базарбаев көшесінің тұрғыны Екатерина Коркина көршілерінің аманатымен келіпті. Ол «көп қабатты үйдің маңындағы ескі ағаштарды кесу керек» дейді. Бұл мәселе де шешімін таппақ.

«Дружба» саяжай қоғамдастығының өкілдері қоғамдық қабылдауға екінші рет келіп отыр. Учаскелерді электр желісімен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге өзекті. Жергілікті билік қажетті қаражатты жазда бөлгенімен, мердігерлер атқаратын жұмысты созып жіберген. Биыл жарыққа қосылу мәселесі шешіледі.

Жалпы, қоғамдық қабылдауға 105 адам келді, оның 38-ін СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өзі қабылдады.

Соңғы жаңалықтар