Ашық азаматтық қоғамның іргесі қаланды деп күмәнсіз айтуға болады – Мемлекет басшысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашық азаматтық қоғамның іргесін қаладық деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл туралы бүгін президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маусым айында өткен референдум мемлекетіміздің бағдары дұрыс екенін көрсетті. Енді өркениетті президенттік басқару жүйесіне көшеміз. Саяси реформалар арқылы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын орнықтыратын болдық. Келесі жылдан бастап Мәжіліс пен мәслихаттар аралас жүйе бойынша сайланады. Билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнату үшін шаралар қабылданды. Президенттің бірқатар өкілеттігі Парламентке берілді. Өңір басшылары баламалы жолмен таңдалатын болды», - деді Мемлекет басшысы халықтық коалицияның форумында.

президент сондай-ақ, ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілі қолданыла бастағанын атап өтті.

«Саяси партияларға жағдай жасау үшін заңдарға өзгеріс енгізілді. Әйелдерге және жастарға саясат саласында жеңілдіктер берілді. Мүмкіндігі шектеулі жандар да тыс қалмады. Ашық азаматтық қоғамның іргесін қаладық деп күмәнсіз айтуға болады. Қазіргі ақпарат, интернет дәуірінде саяси дамудың басқа балама жолы жоқ», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар