«Ашық аймақ» жобасы әкімдердің жұмысын бағалайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ашық аймақ» жобасының тиімділігін түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, аталған жобаны биыл іске асыру жоспарланған. Соның аясында өз жұмысын ашық жүргізетін әкімдіктер анықталады.
«Үздік деп танылған әкімдіктер барлық аймақтардың назарына ұсынылады. Әкімдіктермен қатар мәслиxаттардың да ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл қадам мәслиxаттардың «Ашық диалог» порталында өз блоктарын ашу арқылы жүзеге асады», - дейді Д.Абаев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде мемлекеттік орган басшыларының ашықтығын бағалау жүйесі де бар.

«Мәселен, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына өтінішін немесе сұрағын қалдырған азамат өзіне берілген жауапқа пікір қалдырып, сол арқылы бірден өз бағасын бере алады. Яғни, мемлекеттік органдардың рейтингі олардың азаматтарға берген жауабының сапасына сай сараланып отырады», - деп атап көрсетті Д.Абаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Сол жерде Дәурен Абаев цифрлық телеxабарларға қосылатын облыстарды атады.

Спутниктік тарелкалар ауыл тұрғындарына тегін беріледі.

Ал Қазақстанның телеxабарлары Ресейге тарала бастады.

Ал ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ақпараттық теxнологияларды дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, ол анықтамаларды барынша қысқартуды тапсырды.

Бұдан бөлек, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызметте смартфон ұстауға қатысты пікір білдірді.

Министр әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зорлық-зомбылыққа қатысты контентті бұғаттау туралы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар