Ашық аспан астындағы концерт: Бүгін Астанаға ресейлік әншілер келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ашық аспан астында «Ұлы дала бірлігі» атты үлкен шоу-концерт өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордамыздың 20 жылдығын мерекелеу шарасы Open Air концертімен басталмақ.

«Концертті қала тұрғындары мен қонақтарына сый ретінде Астана әкімдігі ұйымдастырып отыр. Мерекелік концертке Қазақстан мен Ресейдің танымал әншілері қатысады. Шоу Қазақ елі монументінің алаңында 17:00-ден 23:00-ге дейін өтеді. Концертті «Жетінші арна» тікелей эфирден көрсетеді», - делінген Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасының Инстаграм парақшасында. 

Open Air шоу-концертіне Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Айқын, Мәдина Сәдуақасова, Тамара Асар, Ninety One, Әлішер Кәрімов, Маржан Арапбаева, Бейбіт Кушқалиев, Артур және Райм, Мөлдір Әуелбекова, Нұржан Керменбаев, Ринат Мальцагов, Жұлдыз, Дархан Джуз, Кәмшат Жолдыбаева, «Ринго» тобы, «Алашұлы» және «Муз Арт Life» қатысады.

Қазақстан астанасын туған күнімен құттықтауға Ресейден Дима Билан, Сергей Лазарев, Джиган, Тимур Родригез, Юлиана Караулова, Анна Седокова, Анна Семенович, Макс Барских, Натан, Миша Марвин, Елена Темникова, Artik & Asti және «Градусы» тобы келеді.

Айта кетейік, Open Air Астананың туған күні қарсаңында өтетін жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара.

 

 

Соңғы жаңалықтар