+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ашық аспан астында Абай туралы фильмдер көрсетіледі

2020 жылғы 10 тамыз 22:40
Бөлісіңіз:
Ашық аспан астында Абай туралы фильмдер көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның өмірі жайлы әртүрлі жылдары түсірілген фильмдер кеші өтеді. Бұл туралы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түймебаев: Манас жырының қазақ тілінде жарық көруі – қазақ әдебиетінің қорына қосылған алтын қазына Петропавлда Абайдың мерейтойына арналған көрмеге балалардың суреттері қойылды Абай шығармаларының академиялық толық жинағы жарыққа шығады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен Абайдың құрметіне әртүрлі жылдары түсірілген екі өмірбаяндық кинокартина ұсынылады. Оның біріншісі Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы бойынша 1945 жылы режиссерлер Григорий Рошаль және Ефим Арон «Абай өлеңдері» туындысы, ал екіншісі режиссер Ардақ Әмірқұловтың ұлы ақынның 150-жылдығына орай 1995 жылы түсірген «Абай» көркем фильмі.

Алматыда ашылған автомобильдік кинотеатр бұған дейін қазақстандық кинематографқа бірнеше сеанс арнаған болатын.

«Кинотеатрдың жаңа, ал анығын айтқанда көптен ұмыт болған ашық аспан астындағы ескі пішімі өз жұмысын «Атакент» көрме орталығының аумағында бастады және 200 автокөлікке есептелген. Ойды жүзеге асырушылар іс жүзінде байланыссыз қатысуды қамтамасыз етті. Билетті тек сайтта ғана сатып алуға болады, бүкіл киносеанс кезінде көрермендер бір-бірінен едәуір қашықтықта тұрақтаған автокөліктердің ішінде отырады. Бұл ретте келушілер попкорн мен сусындарға онлайн-кинобарда тапсырыс бере алады. Дәмдер зауыттық, ауа кірмейтін қаптамада тікелей автокөлікке жеткізіледі. Көрермендерді орасан зор кинотеатрлық экран және әр автокөлікке радиотолқын бойынша берілетін сапалы дыбыс қарсы алады«, - делінген орталық ақпаратында.

Фильмдердің көрсетілімі 20:30-да және 23:00-де өтеді. Тегін көрсетілімдерге билеттерді «Тикетон» автокинотеатры сайтында брондауға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT