АШМ Жақсыбековтің штатты қысқартуға қатысты ұсынысына жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов министрлікте бос тұрған жұмыс орындарына қатысты түсініктеме берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, жақында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің кеңейтілген мәжілісінде Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков ұзақ уақыт бойы бос орындарды ұстап, жұмысқа адам алмай жатқан министрліктерді сынға алды. Оның ойынша, аталған мемлекеттік органдар резервте бар адамдарды қызметке қоюға асықпаса, ондай ведомствоның штатын қысқарту қажет. Мәселен, қаржы министрлігінде 970 қызмет орны бос тұрса, ұлттық экономика министрлігінде - 900-ден астам, ал ауыл шаруашылығы министрлігінде 280 қызметке әлі адам ала қоймаған. Неге ол орындар бос тұр? Бәлкім, сол министрліктердің штатын қысқартамыз. Соның арқасында біраз ақшаны үнемдеуге болады", - деп атап көрсетті Президент Әкімшілігінің басшысы.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановтың айтуынша, бүгінде аталған ведомствоның аймақтық бөлімшелері көп. Бос орындарды санағанда соның барлығын есепке алады. Конкурстарды өткізуге де біраз уақыт кетіп қалады. "Қазір бір-екі адам болмаса, сол шығады. Біреуі декретке кетті, екіншісі бір ай жоқ. Соның бәрін қосқанда (бос жұмыс орындары - авт.) шыға келеді. Міне, қараңыз, адам декретке кетті. Сол кезде біз конкурс жариялауымыз қажет. Ол да бір-екі айға созылып кетеді. Соның бәрін санағанда шығады", - деді Қ.Айтуғанов ҚазАқпарат  тілшісіне берген сұxбатында. Ал "Демек, министрліктің штатын қысқартудың қажеті жоқ па?" деген сұраққа: "Онсыз да қысқартып жатырмыз ғой", - деп қысқа ғана қайырды. 

Соңғы жаңалықтар