АШМ вице-министрі: Ірі қараның санына қатысты мәліметтерде ала-құлалық бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева ірі қараның санағына келгенде статистикалық көрсеткіштерінің айырмашылығы үлкен екенін атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы малының идентификациялары мен статистикалық есептің мәліметтерінде айтарлықтай айырмашылық 1,5 миллион басқа жетіп отыр. Ірі қара бойынша ғана айырмашылық 409 мың басты, ұсақ мал бойынша 819 мыңды құрайды. Жоспарлау тұрғысынан бұл айырмашылықтардың маңызы зор», - дейді вице-министр Ауыл шаруашылығының алқа отырысында.

Гүлмира Исаеваның айтуынша, алдын ала шаралардың жоспарын жасаған кезде нақты аталған көрсеткіштерге сүйенуге тура келеді.

«Түптеп келгенде, осы есептерге сүйенсек, бізде 1,2 миллион сиыр мен ұсақ мал үшін вакцинация, құлаққа тағылатын ен сатып алынбайды. Әкімдіктердің ветеринарлары бұл жұмысқа келгенде ешқандай шараны қолға алмай отыр. 2012-2015 жылдары біз статмамандармен, ветеринарлармен және әкімдік қызметкерлерімен тиісті жұмысты жүргізген болатынбыз. Біздің есептеуімізше, бұл шараны тоқсанына бір рет өткізетіндей дәстүрге айналдыру керек», - дейді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар