АШМ тұтыну кооперативтерін несиелендіру көлемін 3,5 миллиард теңгеге дейін арттыруды ұсынды - Үкіметтегі селекторлық кеңес

None
None
денің 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылдық тұтыну кооперативтерін несиелендіру көлемін 3,5 миллиард теңгеге дейін арттыруды ұсынып отыр.

Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңес барысында аталған ведомствоның басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпаарат.

  «Ауылдық жерлерде кооперацияларды жеделдетілген түрде дамыту үшін жүйелік және дәйекті жұмыстарды атқару қажет. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың басты талабы   оның мүшелерінің бұл шараға өз ықтиярымен қатысуы болып табылады. Ұжымдасуды күштеп жасау әдістеріне жол берілмейді, себебі бұлай құрылған бірлестіктер көпке бармай ыдырап кетеді», - деді министр.

 А. Күрішбаевтың сөзіне қарағанда, аталған кооперацияларды дамыту бағытында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тәжірибесін пайдалану керек.

 Ол сонымен бірге  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ауылдық кооперацияларды дамыту мәселесін барлық деңгейдегі әкімдер қызметін бағалау рейтингісіне қосуды ұсынды.  

 «Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе 2010 жылдың бюджетін қалыптасыру кезінде тұтыну кооперативтерін несилендірудің көлемін 3,5 миллиард теңгеге дейін арттыруды қарастыру қажет», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар