+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

АШМ төрт жылдың ішінде қазақстандық алманы отандық нарыққа қайтаруды көздеп отыр

2020 жылғы 8 ақпан 10:27
Бөлісіңіз:
АШМ төрт жылдың ішінде қазақстандық алманы отандық нарыққа қайтаруды көздеп отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 4 жылдың ішінде шетелден импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өнімдерге алмастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда биыл егістік көлемі 700 мың гектардан асады СҚО-да 300 шаруа жеңілдетілген несие алады - Құмар Ақсақалов Жамбылдықтар қосалқы шаруашылықтарын дамытуда

Азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінен Қазақстан өзін 80 пайызға қамтамасыз етеді, ал кейбірінен тіпті артықшылық бар. Тек алты тауар, олар: алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, қант және құс еті бойынша импорт тәуелділігі сақталуда. Десекте, бұл олқылықты ҚР АШМ жақын уақытта жоюды жоспарлап отыр.
Ағымдағы жылы жылына 105 мың тонна сүт өндіретін 25 тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, қуаттылығы 73 мың тонналық 8 құс фабрикасы салынатын болады, 2 мың гектарға бақ отырғызу жоспарланған, Сондай-ақ, Жамбыл және Павлодар облыстарында жылына жалпы өндіріс қуаты 200 мың тонна қант өндіретін 2 қант зауытының құрылысы басталды. Сонымен қатар, қолданыстағы үш қант зауыты жаңғыртылады.
Бұдан басқа, суармалы жерлердің көлемі азықтық дақылдары үшін – 45 мың га, көкөністерге 15 мың га кеңейтіледі. Сондай-ақ, әртараптандыру бойынша тиімділігі жоғары «майлы және бұршақты» дақылдарға арналған егістік алқабы ұлғайтылатын болады.
Аталмыш шаралар ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімдері импортының жалпы үлесін 36,2%-дан 31,2%-ға дейін қысқартуға, ал 2024 жылға қарай елдің ішкі нарығын отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT