АШМ сүт өнімдері бойынша импортты алмастыру жоспарымен бөлісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сүтті бағыттағы импорттық өнімдерді азайту үшін Қазақстанда биыл 25 өнеркәсіптік және 30 отбасылық тауарлы сүт фермасын ашу керек.

Жоспарлы жұмыс туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Айдарбек Сапаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында мал шаруашылығын дамытудың салалық инвестициялық бағдарламалары іске асырылып жатыр. Етті мал шаруашылығының негізгі бағыты шаруа қожалықтарын құруға бағытталған. 2019 жылы 82,1 мың бас ірі қара мал және 374,4 мың бас қой сатып алу үшін қаржыландырылды. Нәтижесінде ірі қарамен айналысатын 840 жаңа шаруашылық құрылды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 38 пайызға артық. 2019 жылдың қорытындысы бойынша қой шаруашылығында 1057 жаңа шаруашылық құрылды», - деді Айдарбек Сапаров.

Вице-министр сонымен қатар импортты алмастыру мақсатында сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

«2019 жылы 7,4 мың басы бар 30 отбасылық тауарлы сүт ферма қаржыландырылып, іске қосылды. Салалық бағдарламаның көрсеткіштеріне 2020 жылы қол жеткізу үшін 25 өнеркәсіптік ТСФ (тауарлы сүт ферма) және жалпы қуаты кемінде 15 мың бас сауын табынымен 30 отбасылық ТСФ құру қажет. Осыған байланысты барлық өңірді осы бағдарламаны жүзеге асыруда мұқият назар аударуды сұраймын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар