АШМ Қытайға қой етін экспорттауға жол ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінде «Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан қой етін Қытайға экспорттауға жол ашты» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комиетінің төрағасы Тұрсын Қабдулданов, ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаменті директоры Азамат Сағынбаев және «Зерновая индустрия» агрохолдингі директорлар кеңесінің төрағасы Қайыржан Наурызғалиев қатысты.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында отандық өнімдерді ілгерілету және тауарларды халықаралық нарықтарға шығару мақсатында стратегиялық іздеу жұмыстарын жалғастырып отыр.

Ең алдымен, қазақстандық бизнес үшін логистикалық шығындарды азайту, инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары көрші елдермен байланысты орнатқанда жүзеге асырылады.

Бұл бағытта Қытай Халық Республикасының Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасымен Қазақстан Республикасынан ҚХР-ға ауыл шаруашылығы тауарларын кедергісіз алып келу бойынша әкімшілік және ветеринарлық талаптарды келісу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған дейін ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы бидай партиясын, сояны, бидай жармасын экспорттау бойынша келісімдерге қол жеткізілген болатын.

2018 жылғы 20 наурызда ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасының арнайы сайтында мұздатылған қой етінің ветеринарлық сертификат (талаптарын) келісу және Қазақстанның 9 облысына осы өнімді импорттауға рұқсат беру туралы ақпарат орналастырылған болатын. Нодулярлық дерматит бойынша қойылған шектеулерге байланысты мұздатылған қой етін экспорттау әзірге тек темір жол арқылы Алтынкөл, Достық бекеттерінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 2018 жылдың сәуір айында Қытай делегациясының қазақстандық өндіріс орындарына мақсары мен жоңышқаны экспорттау үшін фитосанитарлық талаптарды оңтайландыру үшін іссапары жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша жұмыс тобының 4-ші кеңесінде (2018 жылы 2 желтоқсанда, Астанада) 2018 жылы маусым айында арпа мен жүгері өндіру бойынша біріккен инспекция өткізу туралы келісімге қол қойылды.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2017 жылы қой етін Ресей, Иран, Бахрейн, БАӘ, Кувейт елдеріне барлығы 895,4 тонна ет 4 068,6 мың АҚШ долларына экспортталды. 2016 жылмен салыстырғанда қой етін экспорттау 4,2 есеге артты.

Алдағы күндері Қытайға сиыр етін, ұсақ малды союға, түйе және басқа мал түрлерін экспорттауға талаптарды келісу бойынша келіссөздер қайтадан қолға алынады. 

Соңғы жаңалықтар