+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

АШМ инспекторлары 92 млн теңгенің 1,5 мыңнан астам бұзушылықтарын анықтады

2021 жылғы 27 шілде 10:10
Бөлісіңіз:
АШМ инспекторлары 92 млн теңгенің 1,5 мыңнан астам бұзушылықтарын анықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Аауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары 92 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салды.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандағы климаттың өзгеруі бүкіл Орталық Азияға әсер етеді Президент: 2030 жылға қарай елдегі бидай шығымы 40 пайыз төмендеуі мүмкін Жем-шөптің қымбаттауынан шаруалар жаппай мал сатып жатыр – Мәжіліс депутаты

Фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында өсімдіктер карантині саласында 1 723 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде ең көп таралғандары - өнімді фитосанитариялық сертификатсыз алып жүру. Сонымен қатар, қаптамада таңбалаудың болмауы, фитосанитарлық сертификат талаптарына сәйкес келмеу және фитосанитарлық талаптардың бұзылуы фактілері тіркелген. 150 жағдайда карантиндік нысандар анықталған.

403 жағдайда карантинге жатқызылған өнім экспорттаушы елге қайтарылды, тағы 8-і жойылды.

Сонымен қатар, 1 406 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылып, 92 401 241,0 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Әзербайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты Комитет тарапынан Әзербайжан аумағынан қызанақ жемістерін әкелуге шектеу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізілді.

Заңнамаларды басшылыққа ала отырып және Әзербайжан республикасының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінен келіп түскен карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің алдын алу бойынша қабылданған және қабылданатын шаралар туралы ақпараты назарға алынып, 2021 жылғы 21 қаңтардан бастап осы шектеу алынып тасталды.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Түрікменстанның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қызметінің фитосанитариялық сертификаттарының сүйемелдеуімен Қазақстанға жеткізілетін қызанақтарға карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде «қоңыр әжім» вирусының (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) 19 дерегі анықталған.

Карантиндік объектілердің жүйелі түрде анықталуына және ЕАЭО бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарының бұзылуына байланысты, ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекция комитеті 2021 жылдың 7-маусымынан бастап Түркменстан аумағынан қызанақ пен бұрыш өнімдерін әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT