+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

АШМ Дүниежүзілік банктің несиесі қандай мақсатқа жұмсалатынын түсіндірді

2020 жылғы 12 шілде 13:24
Бөлісіңіз:
АШМ Дүниежүзілік банктің несиесі қандай мақсатқа жұмсалатынын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі Дүниежүзілік банктен берілетін несие қандай мақсатқа жұмсалатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

«Дүниежүзілік банктің 500 млн доллары Қазақстанға кезең-кезеңімен және Мал шаруашылығын тұрақты дамыту жобасын іске асырудың нақты нәтижелеріне қол жеткізілгеннен кейін ғана беріледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дүниежүзілік банк Қазақстанға көлемді несие беруге ниетті. Дүниежүзілік банктің сарапшылар тобы әзірлеген 2021-2025 жылдарға арналған мал шаруашылығының тұрақты даму жобасын іске асыруға 500 миллион доллар (459,8 миллион еуро) бөлінеді. ҚР Үкіметі атынан несие алушы Қаржы министрлігі», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлімдеуінше, Дүниежүзілік банк жобасының негізгі мақсаты - үлкен экспорттық әлеуетке ие әрі құны жоғары өнім ретінде экологиялық таза сиыр етін өндіруді және қазақстандық ет экспортын қолдау.

« Сол арқылы Қазақстан экономикасының өсуіне ықпал ету және ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайын жақсарту. Жоба аясында келесідей нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

20 мың фермерге несие беру; 100 мың фермерге білім беру;

балама энергия көздерін қолдана отырып, мал шаруашылығының инфрақұрылымын дамытуға фермерлерге қаржылық қолдау;

сиыр етін импорттайтын елдердің талаптарына сәйкес мал шаруашылығы өнімдерін бақылау жүйесін құру;

жеке және тәжірибелік ветеринарларды шағын және орта фермаларға қызмет көрсетуге, сондай-ақ ветеринарлық іс-шараларға тарту», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің түсіндіруіне қарағанда, жоба жоғарыда аталған іс-шараларды тікелей қаржыландыруды көздемейді.

«Несие қаражаты Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қолдауға жұмсалады.

Сонымен қатар, жобаны іске асыру кезінде Қазақстан үшін мүлде жаңа қаржы құралы - «Нәтижеге бағытталған бағдарлама» (Program-for-Results – PforR) бойынша несие қолданылады. Бұл механизм қаражат қарыз алушыға қаржы институтымен келісілген нәтижелер мен көрсеткіштерге қол жеткізілгенде ғана төленетінін қарастырады.

Сондай-ақ, индикаторлар жетістігіне аударылатын қаражат лимиті мемлекет жұмсаған қаражат көлеміне емес, мал шаруашылығы саласын дамытуға арналған индикаторлар жетістігінің көрсеткішіне байланысты болады», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT