АШМ: Биылғы балық аулау лимиті бекітілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі үстіміздегі жылға арналған балық аулау лимитін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балық шаруашылығы су айдындарында балық және басқа су жануарларын 2019 жылдың 15 ақпаны мен 2020 жылдың 15 ақпаны аралығында аулаудың лимиті бекітілді. Биылғы жылы 51 866,924 тонна балық аулауға рұқсат берілді», - деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Фейсбук парақшасында.

Бекітілген ережеге сәйкес, балық және басқа да су жануарлары халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарында ауланады.

Сондай-ақ, министрлік бұйрығымен бекітілген аталған лимитте, аулауға рұқсат етілген балық және басқа да су жануарлар түрлері, су айдындарының атауы мен балық аулаудың көлемі толық көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар