АШМ биылғы астық шығымдылығына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл астық шығымдылығы былтырдан кем болмайды деген ойдамыз. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы астықтың өнімділігі бойынша жақсы жағдайлар жасалды деп ойлаймыз. Жалпы, көктемгі егіс жұмыстары қолайлы мерзімде өткізілді, сапалы тұқым қамтамасыз етіліп, тыңайтқыштар да уақтылы себілді. Жауын-шашын деңгейі тиісті нормаға сай болып тұр. Сондықтан астық шығымдылығы былтырғы деңгейден кем болмайды деген пікірдеміз. Әрине, бұған күзгі егін орағы науқанына дайындығымыз да әсер ететіні анық. Осы кезеңде климаттық жағдайдың ықпалы зор. Бұл тұрғыда егінді шығынсыз орып алуға тырысамыз», - деді ол.

Сонымен қатар, А. Сапаров ауыл шаруашылығы өнімінің экспортына қатысты тоқтала келе, бүгінде экспорт Орталық Азия, Еуропа елдері бағытталып жатқанын, былтырдан бастап Вьетнамға өнім шығарылып жатқанын атап өтті.

«Үлкен нарықтардың бірі - ол Қытай. Осы елге өнім өткізуге қатысты тиісті шаралар атқарылып жатыр», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Айдарбек Сапаров еліміздің барлық өңірінде көктемгі егіс науқаны аяқталғанын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар