+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

АШМ басшысы нан қаншалықты қымбаттайтынын айтты

2019 жылғы 14 қазан 13:21
Бөлісіңіз:
АШМ басшысы нан қаншалықты қымбаттайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасы қаншаға қымбаттайтынына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында әлеуметтік нанның орташа бағасы 71,5 теңге Павлодарда нанның қымбаттауына қатысты АШМ жауапты хатшысы пікір білдірді Қазақстанда Нан күні тойланады

«Нанның қымбаттауы жайлы... Менің ойымша, нан бағасы өседі. Бірақ, бұл шамалы деңгейде ғана өсуі керек. Нан бағасының күрт көтерілуіне жол бермеу үшін біз қазір тұрақтандыру қорынан астық сатып алып жатырмыз. Сонымен қатар, әр облыс әкімдігі астық пен ұн сатып алады. Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясы 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатады», - деді Сапархан Омаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Ол өз сөзін нақты сандармен келтірді.

«Баға аймақтарға байланысты. Қазір нан бағасы 75-85 теңге шамасында. Менің болжамым бойынша, нан бағасы 80-82 теңгеге барып қалуы керек», - деді министр.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылғанын, орташа өнімділік гектарына 12,6 центнерді құрағанын мәлім еткен болатын. Ал Үкімет басшысы Асқар Мамин жиналған егінді сақтап қалу үшін барлық күш-жігерді жұмсауды жүктеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT