+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

АШМ «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша нақты ұсыныс жасады

2019 жылғы 22 қаңтар 18:26
Бөлісіңіз:
АШМ «Ауыл - ел бесігі» жобасы бойынша нақты ұсыныс жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген тапсырма бойынша бастау алған «Ауыл - ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы әлеуметтік ортаны жаңғырту туралы нақты тапсырмалар берді. Өкінішке қарай, көпшілік «Ауыл - ел бесігі» жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысы деп түсінеді. Яғни, жобаның бірінші атауы «ауыл» болды ма, демек, көп адам бұл шаруаны Ауыл шаруашылығы министрлігі іске асыруы керек деп ойлайды ғой деймін. Ал шын мәнінде ауыл жобасы туралы идеяның мәні тереңде жатыр. Әр азаматқа ауыл ыстық. Ұлттық кодымыз ауылдан басталады. Ауылда отанды сүюді үйретеді, отбасы тәрбиесі сонда беріледі», - деді вице министр «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың тың бағыттары талқылған жиында.

Арман Евниевтің айтуына қарағанда, жобаны жүзеге асыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі өзіндік қағидаттарын да бекемдеп қойған.

«Әзірге нақты шешім болмаса да, біз біраз дүние ұсынып отырмыз. Ең алдымен, осы тапсырманы орындау үшін нақты мақсаттарды айқындап алу керек. Біздің миссия - адами капиталды дамыту үшін орта қалыптастыру және ауылдағы еңбек адамының мәртебесін мойындау. Егер азамат ауылда тұрып, адал еңбегімен алға жылжып жатса, бұл ең үлкен құрметке лайық. «Сабағыңды оқы, оқымасаң мал бағасың» деген көзқарастан арылып, «сабақ оқы - оқымасаң ертең мал шаруашылығымен айналыса алмайсың» деп үйрету керек», - дейді ол.

Вице-министр өз сөзінде атап өткендей, адамдар ауыл шаруашылығымен айналысуды арман етуі тиіс.

«Біздің балалар ковбойларды үлгі тұтады. Бірақ, ковбой дегеніңіз - кәдімгі малшы. Әуежайларда көріп қалса, халық ковбойларға қаншама құрмет көрсетіп жатады. Бізде де сондай үлгі болуы тиіс. Міне, сондықтан нақты белгіленген мақсаттар - ауылдық елдімекендерде әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды жаңғырту. Осы бағыттағы жұмыс 2030 жылға қарай ауылдағы халықтың 80 пайызын заманауи өмір сапасының стандарттарына сай етуге мүмкіндік береді», - деді Арман Евниев.

Оның айтуынша, ауылдағылар да қала тұрғындары сияқты білімге, медицинаға, балабақша мен ауруханаларға, мәдени орталықтарға, интернетке, баспанаға қол жеткізе алуы керек.

«Талдау жасап отырсақ, елімізде 6651 ауыл бар екен. Барлық ауылда сондай жағдай жасау үшін өте көп ақша керек. Олай ете алмауымыз да мүмкін. Бірақ, 6651 ауылдың ішінен мың жарымын іріктеп алып, оларды шағын қалаға айналдыруға әбден болады. Біз ол жұмысты талдап, есептеп отырмыз. Демек, бұған қол жеткізуге болады. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат осы мақсатқа жетеді. Тек осы қаржыны үйлестіре білуіміз керек», - деді Арман Евниев.

Еске сала кетсек, өткен жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық жерлерді қолдау және жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы бойынша тың бастамалар көтерген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT