Әшімбаев Орталық Азияның жеке интеграциялық ұйымын құруды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаевтың ойынша, Орталық Азияда жаңа интеграциялық ұйым құратын уақыт келді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Шыны керек, соңғы жылдары Орталық Азия аймағында ынтымақтастық байланыстары жағынан қыруар жұмыс атқарылды деп айта алмаймыз. Дегенмен,  жақын арада ол ынтымақтастық күшейеді деген болжам бар. Осыны пайдалануымыз қажет. Меніңше, алдағы уақытта Орталық Азияның жаңа бір интеграциялық жобасын ұсынған дұрыс. Бәріміз жақсы білеміз, Орталық Азияда интеграциялық бірлестікті құруға деген ұмтылыс болған. Орталық Азия одағы болды-ау деймін. Сосын банк құрайық деді, су, энергетика, азық-түлік пен көлік консорциумын құру бастамалары да көтерілген. Дегенмен, оның бәрі іске аспай қалды. Меніңше, бүгінде осы мәселені қайта көтеретін кез келді. Әрине, бұрынғы мәселелерді қайталамай, Орталық Азияда жаңа интеграциялық ұйымды құруымыз қажет", - деді М.Әшімбаев.

Депутаттың ойынша, осы бастаманы көтергеннен кейін оған Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстанның қосылғаны ләзім.

Айта кетейік, М.Әшімбаев қазіргі санкциялық соғыстар мен державалар арасындағы текетіресті ескере отырып, еліміздің сыртқы саясатын өзгерту керек деп санайды. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақты жабық ұйым ретінде емес, ашық құрылым ретінде дамыту қажет деп санайды. Осы орайда ол Қазақстанның ЕАЭО-ның Қытаймен жақындасуына өз септігін тигізе алатынына сенімді. 

Соңғы жаңалықтар