Ашхабадтағы Каспий саммитінде Жайықтың проблемасы көтерілді

None
None
АШХАБАД. ҚазАқпарат – ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алтыншы Каспий саммитінде Жайықтың проблемасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каспидің экожүйесін сақтап қалу біздің әріптестігіміздің маңызды бағыты болып қала береді. Экономиканың дамуы мен Каспий маңындағы миллиондаған тұрғынның бақуатты тіршілігі трансшекаралық су қоймасының табиғи ортасы қалай сақталатынына байланысты. Жер қойнауын белсенді пайдалану, теңіз арқылы ресурстарды тасымалдау өңірдің экологиясына салмақты қатер төндіруі мүмкін», - деген Президент Жайықтың жағдайына ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаһандық жылыну су ресурстарына қатер төндіріп тұр.

«Қазір біз Жайықты құтқару бағытында келісілген әрі ықпалды шаралар қабылдауымыз керек. Әйтпесе көп уақыт өтпей құтқаратын өзен де қалмайын деп тұр. Тараптардың бәрін күш біріктіріп, Жайықтың ахуалын жақсартатын ортақ жоспар құруға шақырамыз», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, бүгін Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.


Фото: aprk.kz

Соңғы жаңалықтар