Ашхабадта Орталық Азияға қатысты жобаның 3-ші фазасы іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашхабадта 30 сәуір күні «БҰҰ-ның Орталық Азиядағы жаһандық контртеррористік стратегиясын жүзеге асыру жолында» атты жоғары деңгейдегі отырыс өткізілді. Сондай-ақ, отырыс аясында Орталық Азия үшін бірлескен іс-қимыл жоспарын қолдау жобасының 3-ші фазасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрікменстанның Қазақстандағы елшілігі таратқан хабарламаға қарағанда, аталған іс-шара Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ-ның Орталық Азия үшін ескертпелі дипломатиясының Аймақтық орталығымен (ОАЕДАО)  ұйымдастырылды. Отырысқа БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Контртеррористік басқармасының басшысы Владимир Воронков, Орталық Азия үшін ескертпелі дипломатияның Аймақтық орталығының басшылары Наталья Герман, Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, сонымен бірге БҰҰ аймақтық құрылымдарының өкілдері қатысты.

Белгілі болып отырғандай, жобаның бірінші және екінші фазасы 2010-2017 жылдары жүзеге асырылып, оның тақырыбы Жаһандық стратегияның негізгі төрт бағытына арналған болатын.

Алдағы уақытта ОАЕДАО мен БҰҰКТБ-ның бірлескен аймақтық жаңа контртеррористік бастамалары «БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық Контртеррористік Стратегиясын жүзеге асыру жолында» тақырыбына арналмақ. Аталған қадам Орталық Азияда стратегиялық тұрғыда терроризмге және зорлық-зомбылық сипаттағы экстремизмге қарыс күрес саласындағы Орталық Азия елдерінің әлеуетін арттыруға бағытталады.

Отырыста сөз сөйлеген В.Воронковтың айтуынша, жобаның негізгі бағыттарына мақсатты түрде терроризмге және зорлық-зомбылық сипаттағы экстремизмге қарыс күрес бойынша аймақтық және ұлттық стратегияларға қолдау көрсетілетін болады.

Сонымен бірге, сөз алған Түрікменстан сыртқы істер министрінің орынбасары С.Г.Бердымухамедов БҰҰ Контртеррористік стратегиясының Ашхабад іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру бойынша Түрікменстан БҰҰКТБ-мен ары қарай ынтымақтастықты ұстануға ұсыныс білдіруге дайын екенін мәлімдеді. Аталған контекстте түрікменстандық тарап ОАЕДАО-ны қолдана отырып, нақты ұсыныстармен шығып отыр.

Өз кезегінде Н.Герман аймақтық және ескертпелі дипломатия саласындағы өзінің мандатына сәйкес, ОАЕДАО аталған бастаманы бірлесе жүзеге асыратынын атап өтті.

Форумның соңында «БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық Контртеррористік Стратегиясын жүзеге асыру жолында» жоғары деңгейдегі отырыстың қорытындысы бойынша Мәлімдеме қабылданды.

Соңғы жаңалықтар