Ашхабад оқушылары мен студенттері Азиадаға байланысты демалысқа жіберіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 тамыз күнгі Министрлер кабинетіндегі отырыста Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов жаңа қаулыға қол қойды.

Аталған құжатқа сәйкес, «18-28 қыркүйек аралығындағы Азиада өткізілуі кезінде Ашхабадта орналасқан мектептер, бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу орындарының оқушылары мен студенттері жоспардан тыс демалысқа жіберіледі». Бұл туралы ТДХ мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Президент сондай-ақ, «барлық оқитын спортшылардың Азиада ойындарына дайындалуы үшін бір айға оқудан босатылуын» бұйырды. 

Соңғы жаңалықтар