USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Асхат Хасенов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

2022 жылғы 15 қаңтар 12:45
Бөлісіңіз:
Асхат Хасенов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асхат Ғалымұлы Хасенов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар
Бейбіт Исабаев Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымына сайланды Жанжігіт Омархан Индустрия министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды Руслан Жақсылықов ҚР Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Асхат Хасенов 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының операторы болып бастады.

2006-2010 жылдары — «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маманы, бас маманы, кен орындарын әзірлеу бөлімінің басшысы, департамент директорының орынбасары, техникалық реттеу департаментінің директоры, вице-президенті.

2010-2011 жылдары — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы, басшысы.

2011-2014 жылдары — ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының басшысы.

2014-2019 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаментінің директоры.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазмұнайгаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT