+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Асхат Ділмұхамедов Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленді

2019 жылғы 16 қыркүйек 16:14
Бөлісіңіз:
Асхат Ділмұхамедов Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Асхат Ділмұхамедов Олимпиада жолдамасын иеленді, деп хабарлайды olympic.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық үш триатлоншы Оңтүстік Кореядағы Әлем кубогына қатысады Семсерлесуден Қазақстан кубогі: командалық сындағы жеңімпаздар анықталды Семсерлесуден Қазақстан кубогі: Командалық сындағы жеңімпаздар анықталды

Грек-рим күресінен 77 келіде белдесетін Асхат Ділмұхамедов ширек финалда сербиялық балуанды 3:2 есебімен жеңіп, әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті. Грек-рим күресінің ережесі бойынша лицензиялық әлем чемпионатында 1-ден 5-ші орынға дейінгі аралықта орын алған балуандар Олимпиада жолдамасына ие болады. Осылайша, Асхат Ділмұхамедов Токио Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді. Бүгін 60 келідегі Мейрамбек Айнағұлов та жолдама иеленген болатын. Асхат Ділмұхамедов Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азия чемпионы және Азия чемпионаттарының қола жүлдегері. Бүгін іріктеу айналымында Асхат Ділмұхамедов екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Еуропа чемпионы Роман Власовты жеңген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT