Асхат Бердіханов Алматы облысы тұрғын үй басқармасының басшысы болды

None
Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Асхат Бердіханов Алматы облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асхат Ермекұлы 1975 жылы туған, білімі жоғары. 2005 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жабдықтары», 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Заңгер», 2017 жылы Павлодар мемлекеттік университетін «Энергетика және электротехника», 2022 жылы Қарағанды техникалық университетін құрылыс мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Павлодар трактор зауытында электромонтер болып бастады. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, Балқаш жылу электр орталығы басқарма төрағасының орынбасары, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының бас менеджері, «Алатау жарық компаниясы» АҚ бас инженері, «Нысандарды салу серіктестігі» корпоративтік қорының бас инженері, «Samruk-Kazyna Construction» басқармасының басшысы, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Ө.Қантаев атындағы Мойнақ су электр стансысы басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болды.


Соңғы жаңалықтар