Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Асхат Аймағамбетовтың 4 өңірдегі мектеп кітапханасына көңілі толмайды

2022 жылғы 21 маусым 12:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп кітапханаларына әсіресе қазақ тіліндегі әдебиеттерді сатып алу керек. Бұл жайында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселені 2 жыл бойы айтып келеміз. Өзгеріс бар... Балалардың кітапқа құштарлығын ояту, кітап оқуға баулу жұмысы негізінде өте жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Мектептердің кітап қоры да жаңартылуда. Оның ішінде әсіресе, қазақ тілінде әдебиеттер сатып алынып, балаларға қолжетімді болуда. Өңірлерге барғанда міндетті түрде кітапханаларға кіріп, осы мәселенің қалай іске асып жатқанын бақылаймын. Мысалы, Қостанай облысына бардым, көрдім. Көп жұмыс жүргізілген. Шымкент қаласында үлкен жұмыс жүргізілгенін байқадым. Алматы қаласында да кітапханаларда жақсы өзгеріс бар», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Осы ретте министр елордада, Түркістан, Павлодар, Алматы облыстарында мектеп кітаханаларының қорын толықтыру жұмыстары көңіл көншітпейтіндігін баса айтты.

«Сондықтан осы жұмысты дұрыс ұйымдастырыңыздар. Бұл менің жеке бақылауымда. Бұл – Президент тапсырмасы. Бұл - балаларға керек жоба. Балаларға ыңғайлы орта жасау керек. Қажеті әдеби туындыларды сатып алу керек. Біз балаларға қандай туындылар сатып алып беруіміз керек? Балаларға қызықты болуы қажет. Ал сіздер келесіздер де, баяғы соцреализм туындыларын, ересектерге ғана қызықты туындыларды сатып аласыздар. Балаларға қызықты кітаптар жоқтың қасы. Қазіргі уақытта заманауи, балалар оқып жүрген туындылар қайда? Әрине, облыстардың көпшілігі тиісті деңгейде жұмыс істеп жатыр. Бірақ мен атап өткен 4 өңірде көзім жеткенін айтып отырмын. Алматы, Шымкет қалаларында, Қостанай облысында балаларға ең қызықты әдебиеттер сатып алынған. Әсіресе қазақ тілінде туындылар сатып алу керек. Ол қазақ тілінде дегеннен кейін тек қазақ авторлары болмауы тиіс. Дүниежүзілік, әлем әдебиетінің туындыларын сатып алу маңызды», - деді ол.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары