+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов : ЖОО-ларды жеке немесе мемлекеттік деп бөлмейміз

2021 жылғы 8 сәуір 14:37
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов : ЖОО-ларды жеке немесе мемлекеттік деп бөлмейміз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жеке ЖОО-лар баршылық. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Білім министрі ҰБТ-ны электронды форматта ұйымдастыруға орай пікір білдірді Депутат шағын мектептерді күтіп ұстаудың нормативтерін қайта қарауды ұсынды Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қанша қаражат жұмсалады

«Басты мақсат – жоғары оқу орындарындағы сапаны көтеру. Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ларды жеке немесе мемлекеттік деп бөлмейді. Себебі мемлекеттік те, жекеменшік жоғары оқу орнында да білім беру сапасы төмен болуы мүмкін. Осы орайда оқу орындары негізсіз жіктеліп, осындай көзқарас қалыптасқан еді. Бізде елде және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жеке ЖОО-лар бар және оларды мақтан тұтамыз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол еліміздегі ЖОО-лар бәсекеге қабілетті емес деген таптаурын пікірді ұмыту керектігін атап өтті. Қазақстандағы оқу орындарының басым бөлігі жоғары сапада білім беруге қауқарлы болып отыр.

«Сондықтан министрлік жеке және мемлекеттік деп өзара бөлмейді. Бұл тұрғыда сапалы білім беру қызметін ұсынатын оқу орны және білімді тиісті деңгейде бере алмайтын жоғары оқу орны деп қарастырамыз», - деді А. Аймағамбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ны электронды форматта ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT