+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов: Жаңа оқу жылында қашықтан оқытуға барлық жағдай жасалады

2020 жылғы 14 шілде 12:33
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов: Жаңа оқу жылында қашықтан оқытуға барлық жағдай жасалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қыркүйектен бастап 1-11 сынып аралығындағы оқушылар қашықтан оқиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан командасы халықаралық математикалық Олимпиадада жүлделі болды Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль алды Жамбылдық оқушыларға 1541 планшет, 2756 моноблок, 1200 ноутбук жеткізілді

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, Білім және ғылым министрлігіне, әкімдіктерге жаңа оқу жылын ұйымдастыру бойынша бірнеше тапсырма берген болатын. Осы тапсырмалар аясында жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Жаңа ғана Үкімет отырысында осы мәселені бөлек қарап, тиісті шешім қабылданды», - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, басты мәселе - балалар мен педагогтардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы.

«Қазір ахуал қиын. Денсаулық сақтау министрлігі берген мәліметті қарайтын болсақ, қыркүйек, күз айларында жылда болатын ЖРВИ инфекциясы да таралады. Барлық мәселені қарастыра отырып, бүгін тиісті шешім қабылдадық. 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқу форматына кқшеді. Әрине, бұл өте күрделі шешім. Қазіргі уақытта қоғамда осы мәселеге қатысты бірнеше ой, ұсыным бар. Осы шешімді қабылдамас бұрын сарапшылармен сөйлесіп, пікірлерін тыңдадық. Ата-аналардың да пікірін тыңдап, халықаралық тәжірибені зерделедік. Ең бастысы - бүгінгі күнгі ахуал. Бізге керегі - балалардың, ата-аналардың, педагогтардың денсаулығы, сондықтан осындай шешім қабылдап отырмыз. 1 қыркүйектен бастап 1-11 сынып аралығындағы оқушылар қашықтан оқиды. Оларға барлық тиісті жағдайды жасап беруіміз керек», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT