+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты өз көзқарасын айтты

2021 жылғы 8 сәуір 12:56
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты өз көзқарасын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отбасы мүшелері міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанадағы «Mega Silk Way» СОСО-да коронавирусқа қарсы вакцинация басталды Алексей Цой: Толық локдаунға оралуды қаламаймыз Коронавирус жұқтырған 523 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

«Былтыр тамыз айының басында вакцинаны салдырған едім. Жалпы, жеке өз басым жыл сайын екпе қойдыратын адамдардың санатындамын, яғни тұмауға қарсы екпені жасатып жүрмін. Өткен жылы үш вакцина алдым, соның бірі – отандық QazVac. Атап айтқанда, вакцинаға, ғылымға сеніммен қарауға шақырамын», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол өз отбасы мүшелері де міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алатынын айтты.

«Қазіргі уақытта олар еліміздің өзге де азаматтары сияқты өзінің кезегін күтіп жүр. Шақырту келгенде кезекпен екпені салдырады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Асхат Аймағамбетов COVID-19 індетіне қарсы отандық вакцинаны салдырды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT