+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады

2021 жылғы 2 қазан 15:15
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдер қауымын Ұстаздар күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауылда өнер мектебі ашылды - Алматы облысы «Ветеринария» мамандығын бітіргендердің  қанша пайызы жұмысқа орналасты Аймағамбетов 30 жылдағы білім саласы жетістіктерін атады

«Қымбатты әріптестер! Сіздерді келе жатқан төл мерекелеріңізбен, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ұлы ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де қымбат. Өйткені ол – мектептің жүрегі», - деген екен. Бізде әр түрлі зәулім мектептер, зәулім ғимараттар, құрылғылар болуы мүмкін. Бірақ бізге, ең бастысы, өз жұмысын сүйетін және жан-жақтан қорғалған мұғалімдер қажет», - деді министр Baq.kz сайтының «Желмая» жобасында.

Асхат Аймағамбетов өзі басқаратын ведомствоның мұғалім мүддесін қорғау жолында әрі қарай да тынбай жұмыс істейтінін айтады.

«Мемлекет басшысының үлкен қолдауының арқасында заң қабылданды, қазір үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сіздерді осы мерекемен құттықтай отырып, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілеймін. Дендеріңіз сау болсын! Өз-өздеріңізді әрдайым қолдап жүріңіздер. Көңіл күйлеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын!», - деді Білім және ғылым министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT