Асхат Аймағамбетов ҰБТ нәтижелері бойынша мектептердің рейтингін жасамауды сұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өңір әкімдіктерінен ҰБТ нәтижелері бойынша облыстардың, қалалар мен мектептердің рейтингтерін жасамауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҰБТ кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, ҰБТ өткізу пунктерін медициналық персоналдармен қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, ҰБТ нәтижелері бойынша облыстардың, қалалар мен мектептердің рейтингтерін жасамауды сұраймыз. Қазіргі таңда ҰБТ - өз еркімен жоғарғы оқу орындарына түсу үшін тапсыратын емтихан болғандықтан, осы нәтижелерді рейтинг жасауға пайдалану - біздің ойымызша, дұрыс емес», - деді Білім және ғылым министрі Үкімет отырысында.

Асхат Аймағамбетов үшіншіден, мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарына қолайлы жағдай жасауды, балаларды тасымалдау мәселесін ұйымдастыруды сұрады.

«Жалпы, ҰБТ өткізуге дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Биылғы тестілеуді өткізуге дайынбыз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар