+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов: Тәуелсіздігімізді баянды ету - білімді де білікті ұрпақтың қолында

2019 жылғы 17 желтоқсан 14:48
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов: Тәуелсіздігімізді баянды ету - білімді де білікті ұрпақтың қолында

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіздіктің таңы атқанына 28 жыл толып отыр. Таңдап алған жолымыз бізге болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Біздің ортақ мақсатымыз – тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерімізді сақтау және еселей түсу», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Министрдің жазуынша, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің білім беру саласында да жеткен жетістіктері аз емес.

«Осы ретте, тәуелсіздігімізді баянды ету - білімді де білікті болашақ ұрпақтың қолында екендігін айта кеткен жөн. Өйткені мемлекеттің әр қадамы нәтижелі болуы үшін тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болуы керек. Мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке және Отанымыздың гүлденуін тілеймін!» - деді министр.

Айта кетсек, биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел атанғанына 28 жыл толып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT