+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов Ресейдің Пермь университетіндегі атысқа қатысты пікір білдірді

2021 жылғы 20 қыркүйек 16:43
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов Ресейдің Пермь университетіндегі атысқа қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ресейдің Пермь университетіндегі атысқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрдің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейдің Пермь қаласы маңындағы мектепте оқ атылды Биыл тұрмысы төмен отбасынан шыққан 1 мыңнан астам бала сауықтыру курстарынан өтті - БҒМ Асхат Аймағамбетов мектептердегі эпиджағдай туралы айтты

«Пермь университетінде атыс салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Қазан қаласындағы теракт кезінде жақындары қаза тапқандардың жан-жаралары әлі де жазыла қойған жоқ. Бүгінгі оқиға жығылғанға жұдырық болып отыр. Бұл қайғылы оқиғалар еліміздегі мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздікті күшейтудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Оқу орындарының әрбір басшысы балаларды қорғау мәселесіне басымдық беруі тиіс»,-деп жазды министр.

Сондай-ақ ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтіп, бұл мәселе Үкімет отырысында егжей-тегжейлі қаралып, әкімдіктерге тапсырма берілгендігін жазды. Сондай-ақ ЖОО басшылығына оқу корпустары мен жатақханаларда қауіпсіздікті күшейту керектігі айтылған.

Бұл тапсырмалар – жабдықтарды түгендеу, жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосуды қамтамасыз ету ЖОО кіру режимін күшейту және төтенше жағдай туындаған кезде қабылданатын іс-қимылдар бойынша сабақтар өткізу.

«Қазіргі уақытта министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша құжат әзірледі. Осы нормативті-құқықтық актіні талқылау барысында 2000-нан астам сұрақ пен ұсыныс келіп түсті. Бұл құжат кейбір азаматтарды алаңдататынын білеміз. Олар дабыл батырмаларын, бейнебақылау жүйесін, турникеттерді орнатуға және төтенше жағдайдағы оқу-жаттығулар өткізуге қарсы екендігін жазды.

Мен бұл ережелердің балаларға қауіп төндірмейтінін, керісінше, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталғандығын мәлімдеймін.

Әрбір білім беру ұйымында барлық қауіпсіздік шарасы қабылдануы қажет. Әкімдіктер бұл мәселені кешенді шешу үшін қосымша қаражат бөлуде.

Атап айтқанда, бейнебақылау камерасын, күзет сигнализациясы мен жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосу, өткізу режимі ұйымдастыру және қауіпсіздік жүйесінің басқа да элементтер қарастырылмақ.

Қызметкерлер мен оқушылар техникалық шаралардан бөлек, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алогоритмін білу қажет.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту де басты назарда болу керек.

Біз бұл мәселелерге ерекше көңіл бөлеміз»,-дейд Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT