+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов педагог даярлайтын ЖОО-ларда қандай өзгеріс болатынын айтты

2019 жылғы 11 желтоқсан 17:29
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов педагог даярлайтын ЖОО-ларда қандай өзгеріс болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда педагог даярлаумен 20-30 жоғары оқу орны айналысады. Бұл туралы ҚР Параменті Сенатында өткен дөңгелек үстел отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенатор қабылдаған 25 тұрғынның мәселелерінің көпшілігі сол жерде шешілді –Талдықорған Сенаторлармен кездесуде кәсіподақтардың рөлін нығайту мәселелері талқыланды - Қарағанды Депутаттар Ақтаудағы ауыз су тапшылығын жою қажеттігін атап өтті

«Маңызды мәселелердің бірі кадрларды сапалы қайта даярлаумен қамтамасыз етуге байланысты. Бұл жағдай жалпы кардарды даярлауға да қатысты. Өкінішке қарай, бүгінде 50 балл көлеміндегі шекті деңгей жеткіліксіз, яғни тым төмен сияқты. Сондықтан биыл педагогикалық мамандықтарға түсу үшін 50-ден 60 балл деңгейіне дейін көтеру шешімін қабылдадық. Бүгінде бізде 85 жоғары оқу орны педагог даярлаумен айналысып келеді және біз осы ЖОО-ларға талаптарды күшейту бойынша шараларды қабылдаудамыз», - деп тоқталды министр.

Осы орайда педагог даярлауда оқу орындарының сапасына айрықша екпін қойылатынын атап өтті.

«Сәйкесінше, лицензияларды қайтару бойынша жұмыстарды жүргіземіз. Талдау жұмыстары аясында нақты педагогтар даярлайтын 20-30 ЖОО қалуы мүмкін. Бізге саны емес, сапасы керек. Кейбіреулері заңгерлерді оқытып жүрген университеттер немесе басқа да мамандықтарды дайындап жатқан оқу орындары. Олардың барлығы педагог даярлауға кірісіп кеткен. Әрине, біз осы жағдайды өзгертетін боламыз», - деді А. Аймағамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT