+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов пандемия кезіндегі қабылданған шешімдерге өкінбейтінін мәлімдеді

2020 жылғы 11 шілде 14:11
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов пандемия кезіндегі қабылданған шешімдерге өкінбейтінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пандемия кезіндегі қабылданған шешімдерге өкінбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әу баста басым көпшілігі «төртінші тоқсанды шілде-тамыз айларына ауыстырайық» десе, кейбірі «одан да осымен оқу жылын аяқтайық» деген еді. Алайда осындай пікірлерге қарамастан біз оқуды қашықтан жалғастыру туралы шешім қабылдадық», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Білім және ғылым министрі бұл шешімнің оң болғанын жеткізді.

«Бұл шешімге титтей де өкінбеймін. Толығымен дұрыс деп есептеймін. Сол кездегі ұсыныстарға құлақ асқанда қазіргі шілде айында жағдайымыз қалай болар еді – елестете беріңіз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мектептердің алдағы жаңа оқу жылына дайындығын пысықтаған болатын.

«Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтауға тиіс. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Министрліктің бұл оқиғаға дайындығына күмәнім бар. Балалар қалай оқиды – мектепте немесе қашықтан? Мұғалімдердің жаңа оқу жылына дайындығы қандай?», - деп сұрақ қойды Мемлекет басшысы.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT