+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов отандық вакцинаның құжаттары қашан тапсырылатынын айтты

2021 жылғы 8 сәуір 15:37
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов отандық вакцинаның құжаттары қашан тапсырылатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны шығаруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл бакалавриат пен магистратураға қанша грант бөлінеді Қазақстанда ғылыми қызметкерлердің еңбекақысын екі есе ұлғайту ұсынылды Торғайды мекендеген сақтардың тағамы қандай болған – археологпен сұхбат

«Тиісті стандарттар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты тарапыннан қамтылған вакцинаға тоқталсақ, барлық рәсімдер бекітілген кестеге сәйкес жүрігізіліп отыр. Бұл ретте ешқандай проблема жоқ. Біздің әріптестер 50 мың доза бойынша қажетті жұмыстар жүргізді. Хаттама бойынша үнемі химиялық талдау мен биологиялық қадағалау жүргізіледі. Қазір биологиялық қадағалауды аяқтап жатыр. Кестеге сәйкес, биылғы сәуір айының соңына қарай, 20-сынан кейін құжаттарды Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырамыз. Олар нәтижелерге талдау жасай отырып, тиісті шешім қабылдайтын болады. Сондықтан сәл сабырлық танытып, біздің ғалымдарға қолдау жасайық», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда А. Аймағамбетов қазіргі уақытта ғалымдар тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ғалымдарымыз бес платформа бойынша вакцина дайындап жатыр.

«Сонымен қатар, біздің ғалымдар коронавирустың «британдық», «оңтүстікафрикалық» штамдары бойынша зерттеу жүрігізіп жатыр», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT