+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов: Онлайнда оқушылардан форма киюді талап етуді қолдамаймыз

2020 жылғы 3 сәуір 20:04
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов: Онлайнда оқушылардан форма киюді талап етуді қолдамаймыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашықтан сабақ оқитын оқушылардан мектеп формасын киюді талап етуге болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен мектеп оқушыларының ІV тоқсанда қашықтықтан оқу жүйесіне арналған онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейбір директор, ұстаздар оқушылардан үйде сабақ оқыған кезде тиісті форма киюді талап етеді екен. Бұл туралы көп сұрақтар қойылып жатыр. Біз бұл мәселені қолдамаймыз және бұлай жұмыс жүргізуге болмайтынын айтамыз», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бүгінгі күні 167 мемлекет қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкен.

«1 миллиардтан астам бала қашықтан оқыту жүйесі арқылы білім алуда. Қандай қиындықтар болса да, оған дайын немесе дайын емес болсақ та, мұның алдындағы заңнамада болған жоқ екенін айтсақ та осы жүйеге көшуге тура келеді. Осыған қатысты біраз мәселе бар екенін білеміз. Бұл - білім саласы үшін үлкен сынақ. Проблемалардың бар екенін біліп, оларды шешіп, тиісті деңгейде орындаймыз деп ойлаймыз», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT