+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов: Оқу құнын көтермеу үшін ЖОО-ға жағдай жасау керек

2020 жылғы 6 тамыз 23:15
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов: Оқу құнын көтермеу үшін ЖОО-ға жағдай жасау керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары білім ақысын қымбаттатпау үшін дағдарысқа қарсы шаралар пакетін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады Алматы облысында қашықтан оқыған 300 оқушыдан коронавирус анықталды Еуразия ұлттық университетінің өкілдері тікелей эфирден 10 сағат бойы студенттердің сауалдарына жауап берді

«Қазіргі уақытта БҒМ мен жоғары оқу орындарының міндеті – білім беру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, білім алушыларға қаржылық жүктемені азайту болып отыр. Мен қазірдің өзінде жоғары оқу орындарына оқу құнын көтермеу туралы ұсыныс жасадым, бірақ бұл үшін жоғары оқу орындарына да жағдай жасау керек. Осыған байланысты дағдарысқа қарсы шаралар пакетін ұсынамыз», - деп жазды министр Асхат Аймағамбетов facebook желісінде.

Ең алдымен, ЖОО-ның ақылы негізде бір білім алушыға ең төменгі шығындарының және грант құнының арақатынасы бойынша талапты жою ұсынылды. Мемлекеттік грант мөлшерін арттыру жағдайында бұл талап жоғары оқу орындарының баға саясатын ақтауға айналмауы керек.

Оған қоса, даярлаудың практикаға бағытталған салалары үшін ғылыми дәреженің міндетті болуы мен штатта жұмыс істеу талаптары жойылады.

«Оқытушылар санының студенттер санына қатынасы туралы талапты жою керек. Білім беруді дамытудың жаңа жағдайларында бұл талап өзекті болмайды. Төртіншіден, қорытынды бақылау жүргізу формасы бойынша талап күшін жойылады. Қаржы, Бухгалтерлік есеп, IT, Мейрамхана ісі сияқты салаларда оқу нәтижелеріне қол жеткізу тезиспен емес, нақты практикалық жұмыс дағдылары, демонстрациялық емтихандар немесе жобалар арқылы расталады. Бұл кейбір университеттердегі құр белгі үшін жазылған курстық жұмыстарға да қатысты», - дейді А. Аймағамбетов.

Сондай-ақ, пандемия кезеңінде оқу бітірген соң, бір жылда жұмысқа орналасу туралы талап талдау кезінде ғана ескерілетін болады.

«Одан бөлек, енді біз түлектерді жұмысқа орналастыруды ғана емес, осы түлектердің жаңа жұмыс орындарын ашуын да ескеретін боламыз. Алтыншы ұсыныс, ЖОО иеленуі тиіс материалдық активтердің түрлері бойынша талаптарды қайта қарау керек. Ең бастысы – актив түрлері емес, білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін жағдай жасалуы керек», - деді А. Аймағамбетов.

Бұған дейін Білім министрі қашықтан немесе аралас оқу түрін таңдау мүмкіндігін енгізуді, – білім беруге бизнес пен өндіріс өкілдерін, шетелдік оқытушыларды тартуды ұсынған еді.

Сонымен бірге, докторанттардың диссертация тақырыбын бекіту мерзімі ұзартылуы мүмкін.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT