+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Асхат Аймағамбетов мұғалімнің даулы сұхбаты туралы: Әркім өз пікірін білдіруге құқылы

2019 жылғы 18 қазан 17:14
Бөлісіңіз:
Асхат Аймағамбетов мұғалімнің даулы сұхбаты туралы: Әркім өз пікірін білдіруге құқылы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде тараған көкшетаулық мұғалімнің даулы сұхбаты жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: Чемпиондар лигасы қайта жалғасады Қостанай облысының мектептеріне 15 мың компьютер сатып алынбақ Ерхат Есқалиев Ксения Собчакпен түскен суретіне қатысты түсініктеме берді

«Достар! Соңғы күндері тарих пәнінің мұғалімі А.К.Ахетованың видеосұхбаты кеңінен таралып жатыр. Аталған роликте көтерілген мәселелер қоғам тарапынан қызу талқылануда. Дәл қазір бұл материалдың мазмұнына қатысты ешқандай баға бермеймін. Ең бастысы, кез келген мұғалім мен ата-ана өз пікірін ашық білдіруге құқылы екенін түсіну - маңызды, ал біздің міндетіміз - осы ұсыныстар мен ескертулерді назарға алу», - деп жазды министр Фейсбук желісіндегі ресми парақшасында.

Министр Мемлекет басшысының барлық ұсыныстарды мұқият зерделеу туралы тапсырмасын еске салды.

«Осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз. Сенбі күні әріптесімізбен кездесіп, осы мәселелерді талқылаймыз», - деп жазды А. Аймағамбетов.

Айта кетейік, тарих пәнінің мұғалімі, көкшетаулық Әлия Ахетованың сұхбаты YouTube желісінде 3 қазанда жарияланды. Өз сұхбатында мұғалім жаңартылған оқу бағдарламасын, бағалау жүйесін және сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын сынға алған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT