Асхат Аймағамбетов мемлекеттік аппаратты қысқарту жоспарына пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қысқарту шаралары білім және ғылым саласының қай бағыттарын қамтымауы керектігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Асхат Аймағамбетов өңірлердің әкімдіктерінен бала қамқорлығымен айналысатын мамандарды қысқартпауды сұрады.

«Мемлекеттік аппаратты қысқарту жоспарланып жатыр. Тапсырма болғаннан кейін қысқарту барлық саланы қамтитыны түсінікті. Бірақ балалар зардап шекпеуі керек. Бұл жөнінде біз айтқан болатынбыз. Әсіресе бұл қамқорлық органдарымен жұмыс істейтін мамандарға қатысты. Қазірдің өзінде ондай мамандар тапшы. Онсыз да міндеттерін толық атқаруға үлгермей отыр. Патронаттық тәрбие, қамқорлыққа алу, асырап алу, балалардың құқығына байланысты сот істері де осының ішінде. Аудандарда осы шаруаның бәрі 1-2 екі адамның ғана мойнына жүктелген. Көбі соттарға қатысып қана жүр. Өйткені басқа жұмыстарға үлгермейді. Қамқорлық және асырап алу ұйымдарында қысқарту жүретін болса, патронаттық тәрбиедегі балалар қараусыз қалады. Өйткені бақылау болуы керек. Осы мәселеге ерекше назар аударуды сұраймыз», - деді министр ведомствоаралық кеңес отырысында.


Соңғы жаңалықтар